Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында перзентханадағы жүкті әйелден коронавирус анықталды

2020 жылдың 19 қазан 2020 16:44

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында перзентханада жатқан жүкті әйелден коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық комммуникация орталығының мәліметінше, 19 қазандағы жағдай бойынша өңірдегі инфекциялық стационарларда 54 адам ем қабылдауда. Оның екеуінен ПТР-тестілеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Олардың бірі – перзентханада жатқан жүкті әйел, екіншісі – облыстық балалар ауруханасына түскен сәби. Қалған 52 адамға коранавирустық пневмония диагнозы қойылған.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Олардың жағдайының нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.

Бүгінде аймақ бойынша 215 инфекциялық төсек-орын мен 9 стационар бар. Бұдан бөлек тағы 11 стационар мен 1835 кереует қолданысқа әзір. Барлық техника, мүлікпен қамтылған бұл орында резервте тұр.

Айта кетейік, КВИ-дің келесі толқынына әзірлік аясында 70 мың адам тұмауға қарсы екпе алады деп жоспарланған. Бүгінде 90 процентіне екпе салынды. Олардың басым көпшілігін жүкті әйелдер, жиі ауыратын тұлғалар мен есепте тұрған азаматтар құрайды.

Бүгінде өңірде 3372 адам вирус жұқтырып, 3326 адам жазылып шыққан.


Жоғары қарай