Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Маңғыстау облысында көлікпен жарысқан мектеп түлектері жауапқа тартылды

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:06

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер аттестат алу кешін ерекше тойлады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас түлектер автокөлік кортежімен жарыс ұйымдастырған. Әлеуметтік желілерде жастардың видеосы пайда болды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жас түлектер жылдамдықты шектен тыс асырған. Оларға заңға сәйкес айыппұл салынды.

«Жаңаөзен қаласына қарасты жолда өзара жарысқан көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынды. Барлығы 16 автокөлік қатысқан. Жүргізушілердің жасы 18-ден 25 жасқа дейін екені анықталды. Автокөліктер айыптұраққа жабылды. Автокөлік иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңының 593 бөлімі 2 бөлігі бойынша (Қауіпсіздік белдігінің талаптарын сақтамау) және 612 баптың 1-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк жүргізуі) бойынша хаттама толтырылды»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай