Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында кәсіпкерлік нысандар саны артты

2021 жылдың 11 қазан 2021 16:55

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында кәсіпкерлік нысандар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаеваның мәліметінше, биыл аймақта 54 мың кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп тұр.

«Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша биылғы 1 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті. Биыл барлығы 54 мың кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп жатыр», - деді Жанна Тоқбаева.

Облыстағы 54 мың кәсіпкерлік нысанның 75,8%, яғни 40 890-ы жеке кәсіпкерлер үлесіне тиесілі. Ал шағын кәсіпорындар саны 18,9%, яғни 10 187 нысанды құрап отыр. Өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуда шаруа қожалықтарының 2 796-ы, яғни 5,2%-ы жұмыс істейді. Қалған 0,2% немесе 88 нысан орта кәсіпорындардың үлесіне тиесілі.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі шағын және орта бизнес нысандарының өндірген өнім көлемі 308,9 млрд. теңгені құрады.


Жоғары қарай