Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында фактчекинг және ақпаратты тексеру үшін Telegram канал іске қосылды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «STOPfake Mangystau» Telegram каналының міндеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпаратты талдау және тексеру, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Бұл ақпараттық арнада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпараттар мұқият талдау мен факт-чекингтен өтіп жарияланатын болады.

Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін тұрғындар «STOPfake Mangystau» арнасын пайдалана алады. Ол үшін ол «Telegram» қосымшасы арқылы ақпараттық арнаға тіркелуі тиіс.

Егер қандай да бір ақпарат күмән тудырса, кез-келген тұрғын Telegram бот-қа осы сілтеме бойынша өтінім жіберу арқылы ақпараттың дұрыстығын тексере алады:



Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Аймақ, Қоғам,
Жоғары қарай