Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында басына оқ тиген сарбаз ісі бойынша тергеу басталды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 18:39

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында әскери полиция басына оқ тиген сарбаздың ісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық ұланға сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 462-бабы 1-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан қаруды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүріп жатыр,

6656 және 3502 әскери бөлімдерінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы Любовь Подковырованың мәліметінше, оқиғаның ақ-қарасын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылған.

«Жедел тергеу тобы құрылды. Оған әскери тергеу басқармасы, Қорғаныс министрлігінің әскери полциясы және Ұлттық ұланның әскери полициясы енген. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай барлық мәліметті жария ете алмаймын. Бірақ кінәлілерді анықтау және оларды жауапқа тарту мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін әрекеттер жасалып жатқанын атап өтемін», - деді Любовь Подковырова.

Еске салайық, 24 қыркүйек күні Ақтаудағы 30502 әскери бөлімінде 19 жастағы сарбаздың басына оқ тиген болатын. Ол дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.Кейін дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты.


Жоғары қарай