Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Маңғыстау облысында «ашық есік» күні өтіп жатыр

2020 жылдың 11 ақпан 2020 16:23

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Аймақ басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңсәріден кезек күткен тұрғындар жеке мәселелерін аймақ басшысына жеткізуге асық. дені жұмыссыздықты алға тартса, бірқатары тұрғындар жер, үй және әлеуметтік түйткілдермен жүгінді. Ал, ақтаулық Алтын Сақтағанова тек өзі емес, өзге де қыз-келіншектердің жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

«Ана болу мектебін» көтеру, аяққа тұрғызуды жоспарлап жүрмін. Облыстық перинаталдық жанынан бұрын ашылған еді. Ол жабылып қалды. Сондықтан қайтадан ашу керек. Жасөспірім қыздардың арасында ерте жүктілік мәселесі орын алуда. Оның алдын алу қажет. Орталықта психологтар, дәрігерлер жұмыс жасайды»,-дейді Алтын Сақтағанова.








Аймақ басшысы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндіріп, қала әкімі мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Жалпы, шара Президент тапсырмасына сай өтуде.

»ҚР Президенті Қ.Тоқаев әкімдерге халықпен етене жақын болу үшін «ашық есік» күнін өткізуді тапсырды. Қазір бұл жерде барлық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Адалдық алаңы» өкілдері жұртшылықты қабылдауда«,-дейді МО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев.

Аймақ басшысының қабылдауына түске дейін елуге жуық тұрғын келген. Ал, департамент және басқарма басшыларына 40-тан астам адам жолыққан.

Айта кетейік, шара кешке дейін жалғасады.





Жоғары қарай