Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында 86 адам карантинде жатыр

2020 жылдың 27 наурыз 2020 20:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары Ринат Құбатаев қазіргі таңда өңірде 86 адам карантинде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ыстанбұлдан ұшақпен ұшып келгендердің бәрі (коронавирус жұқтырған азаматпен бір бортта келген) арнайы автобуспен әуежайдың обсервациялық ауруханасына жеткізілді. Бәрі сол жерге орналастырылды. Коронавирусқа қатысты бәрінен анализ алынды. Осы анализ бойынша бір адам тіркеліп отыр», - деді Ринат Құбатаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысында қазіргі таңда карантинде 86 адам жатыр. Тағы 139 адам үй карантинінде.

Ал Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Әнуар Сағымбаев облыстық штабтың тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы қанағаттанарлық, арыз-шағымы жоқ, температурасы қалыпты. Ол соңғы екі аптада өзінің жеке шаруасы бойынша Ыстанбұл қаласында болған», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін коронавирус инфекциясынан жұқтыру жағдайы Маңғыстау облысында да тіркелген еді.


Жоғары қарай