Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандасымыз көшіп келді

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 16:12

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран Ислам Республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады»,-деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов қоғамдық коммуникация орталығы.




Айта кетейік, өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды. Тарихи Отанына келгендердің бірі Хадиша Адай. Атамекенді аңсап, егемен еліне келген ол қуанышын жеткізіп, жылы лебізімен бөлісті.

«Мен Түркіменстанда тудым. Дегенмен жұмыс бабы бойынша Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Барлығы да жат адамдар емес ағайындар. Ыстық ықыласпен қабылдағандарыңызға өте ризамыз», - деді Хадиша Адай.




Бұл көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ирандағы Елшілігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.





Жоғары қарай