Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысына 400-ден астам вагон шөп жеткізілді

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 10:59

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына 400-ден астам вагон шөп жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айынан қыркүйек айының 14-іне дейінгі аралықта қуаңшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 413 вагон престелген шөп жеткізді.

«Шілдеде -167 вагон, тамызда – 202 және қыркүйектің екі аптасында – 44 вагон жеткізілді. Қыркүйек айында тағы 176 вагон шөп жеткізу жоспарланған.

Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа да стансалардан жөнелтіледі», делінген хабарламада.

Жүтк Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және тағы басқа стансалар қабылдап алады.

Шөптің көп бөлігі «Қазтеміртранс»АҚ меншігіндегі вагондарына тиелуде.


Жоғары қарай