Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспары бекітілмек

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 13:39

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында актив жиыны өтіп, онда Президент берген тапсырмаларды орындау үшін жауапты азаматтарға бірқатар нақты міндеттер жүктелді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту туралы айтты.

«Екі апта ішінде Үкіметпен бірлесе Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту міндеті тұр. Бұл кешенді жоспар алдағы 5 жылда жасалатын жұмыстарымыздың басты құжаты болады. Өңірдегі қордаланған мәселелерді шешу үшін біздегі бар мүмкіндікті пайдалануымыз керек»,-деді Нұрлан Ноғаев.





Жоғары қарай