Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 5 мамыр 2021 19:32

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы болып Светлана Нарешова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Светлана Болатқызы 1972 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын қаржыгер-экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1991 жылы сақтандыру мекемесінің инспекторы болып бастады. 1992-2000 жылдары есепші, 2000 жылдан 2005 жылға дейін Маңғыстау облыстық қаржы басқармасында бас маман, 2005 жылдан 2013 жылға дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

Жоғары қарай