Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Маңғыстау мен Қостанай облыстарында жел күшейеді

2019 жылдың 12 наурыз 2019 17:56

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау мен Қостанай облыстарында жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 13 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

«13 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 17-22 м/с жетеді.
13 наурызда Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 17-22 м/с шамасында болы мүмкін», - делінген ескертуде.

Жоғары қарай