Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

МӘМС жүйесі: Тегін дәрі-дәрмектің жаңа түрлері қашан қолжетімді болады

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 18:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова МӘМС жүйесінің енгізілуімен қолжетімді болатынын дәрі-дәрмекті қашан алуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бізде МӘМС жүйесі енгізіліп, азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің, амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілді. Министрдің бұйрығымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын аурулардың тізімі жасалды. Аталған тізім едәуір кеңейтілген: егер бұрын біздің пациенттерге дәрі-дәрмектің 450 түрі қолжетімді болса, қазір бұл тізім 715-ке көбейді», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, министрдің шығарған бұйрық үш бөлікке бөлінеді.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын аурулар тізімінің кеңейтілгенін атап өттік. Бұған дейінгі бұйрықта да дәрі-дәрмек берілетін аурулардың тізімі жасалған еді. Алайда бұл жолы ол ауруларды емдеуге жаңа препараттар қосылды. Мәселен, онкологиялық ауруларға шалдыққан немесе гемофилиямен ауырғандарға жаңа дәрі-дәрмек беріледі. Халықаралық клиникалық хаттамаларға сәйкес, бұл өзгерістер үздік көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады», - деді комитет басшысы.

Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгенін мәлім етті.

«Дәрі-дәрмектің жаңа түрлерінің көбі бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енеді. Олардың бәрін бүгінгі күні дистрибьюторда. Препараттар пациенттерге қолжетімді, оларды дәріханалардан алуға болады», - деді ол.


Жоғары қарай