Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

МӘМС жүйесі: Елордада медицина ұйымдарына 373 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 24 қараша 2020 23:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының сарапшылары астанада осы жылдың 10 айында медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 18 304 кемшілікті анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша көрсетілген қызметтердің сапасына ай сайын мониторинг жүргізіледі. 2020 жылғы 30 қазанға дейін тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге қатысты 18 304 (оның ішінде қазан айында 1 114) кемшілік анықталып, медициналық ұйымдарға 373 136 000 (оның ішінде қазан айында 52 298 000) сомадан аса айыппұл салынған.

«Мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана қор іс жүзінде көрсетілген және құжатпен расталған қызметтерге ақы төлейді. Анықталған кемшіліктердің көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызметке жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерге байланысты. Медициналық қызметтердің сапасын мониторингтеу бөлімінің сарапшылары жалпы құны 19 259 000 (оның ішінде қазан айы үшін 3 423 000 ) теңге болатын 12 310 (оның ішінде қазан айында 708) кемшілікті анықтады. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде жіберілген 1 721 (оның ішінде қазан айында 15) кемшілік, стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 4 273 (оның ішінде қазан айында 391) дерек белгілі болды», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Түрлі мемлекеттік дерекқорлардағы деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдану осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі ақпарат жүйелері мен тіркеу жүйелерінің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы ақпарат жүйелерінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін толассыз мониторингтеу бойынша жұмыс жүргізуде.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Медицина, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай