Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мамин цифрлық технология арқылы коронавируспен ауырғандарды қадағалауды тапсырды

2020 жылдың 26 қазан 2020 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Мамин цифрлық технологияларды пайдалана отырып коронавируспен ауырғандарды, байланыста болған адамдарды қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Отырыста Премьер-Министр бірқатар министрлікке тапсырма берді.

«Денсаулық сақтау министрлігіне өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, бір апта мерзім ішінде жеке қорғаныш құралдарының бағасын төмендету жөнінде шаралар қабылдау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, байланыста болған адамдарды, ауырғандарды қадағалау, субъектілердің санитарлық талаптарды сақтауына мониторинг жүргізу бойынша бағдарламаларды енгізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, екінші тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады. Сондай-ақ мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді.



Жоғары қарай