Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды

2021 жылдың 12 қазан 2021 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болған техникалық ақаудың салдарынан жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, әзірге ел көлемінде аталған қызмет түрін алу мүмкін болмай тұр.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес. Сондықтан да ел аумағындағы мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттерді қабылдауы уақытша тоқтатылды», - делінген аталған мекеме таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр.

«Мамандандырылған ХҚО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарланды.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Заң, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай