Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мал шаруашылығы саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету қажет - Қарашөкеев

2022 жылдың 17 мамыр 2022 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлайтын орта буын мамандары туралы да болып отыр», - деді министр.

Осы ретте Ербол Қарашөкеев «Дипломмен ауылға» бағдарламасын күшейту және кеңейту арқылы ауылдық жерлерде кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұрғанын баса айтты.

«Ветеринария жүйесін реформалау есебінен мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын да арттыру керек», - деді ол.


Жоғары қарай