Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мал іздеуге шыққан: Ақтөбеде екі зейнеткер суға батып кетті

2021 жылдың 24 қараша 2021 13:09

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 23 қараша күні Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып алғанын айтып, құқық қорғаушыларға хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар барған.
«Құтқарушылар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды. Туыстарына сұрақ қою кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін де тауып, шығарды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай