Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мақтааралдағы су басқан Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

2020 жылдың 16 шілде 2020 11:01

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы су басқан Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елдімекенде 302 үй мемлекеттен 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісімшартқа тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, келісімшартқа тұрған үйдің барлығына 1 транш бойынша 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жаппай жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2-ші транш бойынша 2 үйге жоғарыда аталған қаржының 25%-ы аударылған. Нәтижесінде 266 үйдің іргетасы қаланып, 138 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 19 үйдің шатыры жабылған. Бұдан бөлек, 36 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 314 үй бұзылған. Жалпы, Фирдоусиде 1093 құрылысшы 24 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан фердоусилықтарға үйлерді бұзу үшін арнайы техникалар берген болатын.


























Жоғары қарай