Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мақтааралдағы әрбір үйдің құрылысы онлайн бақылауда болады

2020 жылдың 14 шілде 2020 11:41

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болған Өмірзақ Шөкеев осындағы құрылыс жұмыстарын жылдамдату бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су тасқыны болған аймақта мобильді топ құрылып, әр үйдің құрылыс барысы арнайы орталық тарапынан онлайн бақылауға алынатын болады. Бұл туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан елді мекендер бірнеше секторға бөлініп, жауаптылар бекітілген. Келес ауданы әкімдігі Фирдауси ауылы, Жетісай ауданы Өргебас ауылындағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі жылдам жүргізілуіне жауапты болып отыр.







Айта кетейік, аталған ауданда су шайып кеткен үш елді мекен тұрғындарына Мырзакент кентінен жаңадан баспаналар салынуда. 500-ден аса тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, тапсырылады деп жоспарланған. Ал, екі елді мекеннің тұрғындары өз үйлерін бұзып,орнына жаңасын салып жатыр. Әрбір үйдің құрылысы үшін мемлекеттен материалдық көмек бөлініп отыр.























Жоғары қарай