Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлене бастады

2020 жылдың 22 мамыр 2020 10:54

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындарға өтемақы төлене бастады. Бұл туралы «Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бүгінде аталған аймақта «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры зақымдалған үйлерді қалпына келтіру үшін өтемақы төлеу бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама әр отбасына үш ірі траншпен 17 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуді көздейді.

«Бүгінгі күні 19 отбасы 8,5 млн теңге көлемінде бірінші транш алды (жалпы соманың 50%). Қалған 25%-дан 2 транш тұрғын үй құрылысының барысында төленеді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі зақымдалған тұрғын үйлерді есептеу және тұрғындарға өтемақы алу үшін керек құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда» делінген «Түркістан» ӘКК» АҚ хабарламасында.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бүлінген үйлердің саны 200-ден асады.











Жоғары қарай