Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақтааралда полицейлер тойдың үстінен түсіп, қонақтарды тарқатты

2020 жылдың 25 қараша 2020 13:25

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері карантиндегі кезекті тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтаарал АПБ қызметкерлері мен Мақтаарал ауданы әкімдігі бірлесіп, рейд жүргізуде. Кезекті рейд кезінде мобильді топ мүшелері аудан аумағында тамақтану орындарында, сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде санитарлық талаптар мен бетперделік режимінің сақталуын қадағалауда.

Осы тұста карантин талаптарына немқұрайды қарап, санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында карантин талабын орындамаған 270 азамат анықталған. Оның басым көпшілігі - белгіленген уақыттан кейін де жұмыс жасап тұрған дүкен, ойынхана және тойхана иелері.

Мысалы, учаскелік полиция инспекторы сағат 13:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Атакент ауылындағы тойханада той жасалып жатқанын анықтады.

Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне және тойхананың әкімшілік қызметкеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырылған.

Мақтаарал полицейлері Covid-19 коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиннің сақталуын бақылау жұмысын жалғастырып жатыр.


Жоғары қарай