Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Мақтааралда Нұрмұхамед Есентаевтің 110 жылдық мерейтойы аталып өтті

2019 жылдың 14 қараша 2019 18:45

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында аясында «Социалистік Еңбек Ері» атанған Нұрмұхамед Есентаевтың 110 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Б.Асанов пен зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атакент кентінің «Достық» мәдениет үйінде Мақтаарал ауданының тарихы туралы көрме қойылып, аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған қонақтар өткеннің естеліктерімен танысты. 90 жылдан аса тарихы бар ауданның өткені мен бүгіні фото суреттер арқылы берілген көрмеде «Мақтааралым - мақтанышым», «Өскен өңірдің тарихы», «Аудан тарихы мұрағатта», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ұлы перзенті», «Өңіріміздің социалистік еңбек ерлері» атты стендтер қойылған. Ал, мерекелік кешті салтанатты түрде ашып берген аудан басшысы Социалистік еңбек ері Н.Есентаевтың өмір баянына қысқаша тоқталып, оның өңірге және мақта саласында жасаған ерен еңбектерін атап өтті.







«Н.Есентаев Мақтааралдың »Дзержинский« атындағы бөлімшені басқарған кезде халықтың тұрмыс жағдайы едәуір жақсарды. Саялы бақ, асфальт жолдар, көркем мәдени орталықтар, мектеп, клуб, кітапханалар, балабақша, емхана, аурухана, монша салынды. Бөлімшеге табиғи газ желісін әкелуде Н.Есентаевтың сіңірген еңбегі орасан зор. Бүгінгі күнде үлкен ғылыми зерттеу институтына айналған мақтаның жаңа сорттарын зерттейтін станция да осы бөлімшеде ашылып, іске қосылды. »Жаңбырлату« тәсілімен мақта суару, екі ярусты соқа және Румынияда жасалған мақта егетін сеялкаларды қолдану, 60 см орнына жүйек арасын 90 см-ге жеткізу секілді мақта шаруашылығыңдағы жаңалықтар да Есентаевтың басшылығындағы бөлімшеден бастау алды» - деді Бақыт Насырханұлы.







Салтанатты жиында ауданға белгілі бірнеше азаматтар сөзге шығып, Есентаевтың ерліктерін еске алысты.

Айта кетейік, Нұрмұхамед Есентаев 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында өмірге келген. 1957 жьлы КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығымен Н. Есентаевқа «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.










Жоғары қарай