Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақтаарал ауданының су басқан аймағында 494 үйдің құрылысы аяқталды

2020 жылдың 16 қараша 2020 13:19

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Фирдоуси мен Өргебас елді мекендерінде 504 тұрғын үйдің 494-нің құрылыстары аяқталып, 10 үй жақын арада пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмірзақ Естайұлының айтуынша, Мақтаарал ауданындағы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына, Мырзакент кентінде жаңадан бой көтерген ықшамауданда 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, кілттері үй иелеріне табысталған.

Оның ішінде 196 тұрғын үй құрылысына Үкіметтік резерв есебінен қаржы бөлінсе, қалған 190 тұрғын үйдің құрылысы қайырылымдық және өзге де қорлар арқылы жүргізілген.

«Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 полиция бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 полиция бекеті, Өргебас ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 полициялық бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Жоғарыда аталған мектеп пен балабақша келесі жылға өтпелі болса, қалған нысандардың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады деп жоспарлануда. Аталған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудандағы елді мекендер одан әрі көркейе түсті. Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай тұрақты»,- деді облыс әкімі.














Жоғары қарай