Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Мақтаарал ауданының орталығында «Жасөспірім» рейдтік шарасы өтті

2019 жылдың 25 қазан 2019 23:44

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Жасөспірім» рейдтік шарасы өтті. Аудан орталығы Атакентте ұйымдастырылған шарада түнгі уақытта үй-жайынан тыс жерде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнгі рейдтік шараны Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.




Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мен түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырлған рейд кезінде бірнеше құқық бұзушылық деректері тіркелді. Компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу мен бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық полиция




бөлімі жеке құрамы инспекторлары толықтай қатысты.
Рейд кезінде үй-жайынан тыс жерде қараусыз жүрген 3 тұлға анықталып, барлығы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, ата-аналарынан түсініктемелер алынды. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған профилактика барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігі ескертілді. Оларға темекі өнімдері мен спирттік ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.







Жоғары қарай