Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақтаарал ауданында карантин күшейтілді

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді.

Қаулыда көрсетілген талаптар қатаң сақталуы талап етіледі. Және коронавирустық инфекция мен пневмонияның вирустық түрі анықталған азаматтар, үйлерінде оқшауланған отбасылар 14 күндік карантин режимін бұзуға жол бермеуі қажет. Бұл жөнінде аудан құрамында құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен тұратын жедел мобильді топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын атқарады. Карантин тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік шара қарастырылып, бекітілген көлемде айыппұл салынады.









Жоғары қарай