Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мақта шаруашылығы: Арнайы топтар құрылмақ

2020 жылдың 25 қазан 2020 01:28

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен мақта бағасы жан-жақты талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен басқосуға шаруа қожалықтары мен мақта өңдеу зауыттарының өкілдері, ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы қатысты.

Жиында бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің облыстық департаменті, жергілікті атқарушы органдардың басшылыры да өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында тұқым сатып алу мен егістік алқаптарын суару, егістікті егу мен жинау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, өнімді сату және бағанытұрақтандыру сияқты мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлердің барлық уәждері тыңдалып, қалыптасқан жағдайды тездедіп шешуге ұсыныстар енгізілді.

Кездесу нәтижесімен туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін және оларды осы салаға жауапты министрліктерге енгізу мақсатында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерден тұратын топтар құру туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, елімізде мақтаны сатып алу бағасы бекітілді.


Жоғары қарай