Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мағзұм Мырзағалиев Көлсай, Есік көлдерінің проблемалары туралы айтты

2020 жылдың 22 шілде 2020 17:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысындағы Есік көлінің тартылу себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз мәслихаты барысында министрге көл жағасындағы қонақ үйлерге қатысты сұрақ қойылды.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша дұрыс жүргізілмейтін құрылыс жұмыстарымен заңнамаға сай күрес жүргізу керек.

«Сол себепті Көлсай көлі бойынша мен жеке айналысамын. Ол туралы әлі жеке айта жатармыз. Есік көліне келер болсақ, ол жерде құрылысқа қатысты проблема болмаған. Мәселе гидроэлектростанцияға байланысты болды. Ол жерден кейде су жіберіліп тұратын. Биыл көлде су аз қалды да, сол аудандарда су жетіспеушілігі сезіле бастады. Біз ол мәселеге қатысты арнайы хат жолдап, Алматы облысының әкімдігімен сөйлестік. Бұл жағдайдың жағымсыз салдарын барынша азайтқымыз келеді», - деді ол.


Жоғары қарай