Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын

2021 жылдың 14 қазан 2021 15:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде «MadMEN» музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам «мефедрон» синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Ерлан Омарбеков.




Еске сала кетсек, биыл аталған музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды.

Қылмыстық топты құрықтаған Алматы полициясы оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адамның барын айтқан еді.


Жоғары қарай