Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәди Такиев Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша (1998); Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша (2005); Халықаралық бизнес университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі бойынша (2011) бітірген.

Еңбек жолы: Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі (1998-2000); Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы (2000-2008); Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы (2008-2009); Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары (2009-2012); ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы (2012-2013); Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры (2013-2014); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы (2014); Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017); Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (2017-2019), Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі (2019-2020).

«Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған; «Салық қызметінің үздігі» атағы бар.



Жоғары қарай