Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу керек пе - Ақтоты Райымқұлова жауап берді

2020 жылдың 5 маусым 2020 17:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігін 2 ведомствоға бөлу қажет пе? Дәл осы сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде мәдениеттің де, спорттың да бар екендігін мақтан тұтамын. Бұл әнұранымызды ойнатып, туымыз көкке көтеретін салалар саналады. Бүгінгі күні мәдениет қайраткерлері де, спорт қайраткерлері де Қазақстанның бай мәдениетінің тамаша үлгілерін, спортшыларымыздың айрықша жетістіктерін таныту үшін еңбек етіп жүр. Сондықтан қазіргі уақытта бұл екі саланың бір өкілетті орган құрамында болғаны орынды», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол қазақстандық спортшылар мен әртістер арасында коронавирус індетін жұқтырғандар жоқ екенін атап өтті.

«Менде мұндай ақпарат жоқ. Спортшыларымыздың да, әртістеріміздің де дені сау болып, өз қызметін одан әрі жалғастыра береді деп сенемін», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920