Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мəдениет министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ  меморандум жасасты

2020 жылдың 28 қазан 2020 09:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мəдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов ҚР Үкіметінің 2014 жылы 23 қыркүйектегі N-1003 қаулысымен бекітілген ереже негізінде әрекет ете отырып, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру аясында меморандумға қол қойды», - делінген Мәдениет министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған келісім аясында компания министрлік ұсынған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен жалдамалы пəтер береді. Өз кезегінде Мəдениет жəне спорт министрлігі компанияға қажетті тізімді əзірлеу үшін ведомство мен бағынысты мекемелердегі қызметкерлерден тізімді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді. Компания келісімшартта көрсетілгендей азаматтарды сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етеді.


Жоғары қарай