Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

LV Force қаржы пирамидасы мыңдаған адамды алдап, 450 млн теңгені қалтаға басқан

2021 жылдың 21 шілде 2021 23:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 450 млн теңгеден астам теңгеге залал келтірген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы уақытта елімізде қаржы пирамида қызметіне азаматтарды тарту жағдайлары көбейіп кетті.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 150-бабымен және ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидасын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды.

Қаржы пирамидасына 2000-нан астам сеніп қалған азамат тартылған. Келген шығын 450 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Жоғары қарай