Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

LRT құрылысына Халық банк көмектеседі

2019 жылдың 13 тамыз 2019 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«LRT бойынша: барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді қала басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол өз сөзінде қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Бұдан бұрын айтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті», - деді ол.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Көлік,
Жоғары қарай