Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ливанда парламенттік сайлау өтуде

2022 жылдың 15 мамыр 2022 15:55

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат –Ливан Республикасында парламенттік сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеп тұр. Дауыс беру құқығы бар 3,6 миллионға жуық ливандық азамат парламенттің 128 мүшесін сайлайды. 103 сайлау тізімінде ұсынылған 718 кандидат Ливан заң шығарушы органдағы орындар үшін таласады.

Сайлауды ЕО, Араб мемлекеттері лигасы және Халықаралық французтілді ұйымынан 300-ге жуық бақылаушы бақылап отыр.
Вильсон орталығының мәліметінше, бұл жолы саяси қызметке түсуге үміткер әйелдердің рекордтық саны (118 адам) тіркелген. Бұл алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда 37% артық.
Сайлау округтері елдің бес аймағында орналасқан. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де аяқталады.
Жоғары қарай