Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ливанда 100-ге жуық бітімгерлік әскер сарбаздары коронавирусқа шалдықты

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 07:30

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Ливанда БҰҰ –ның 100-ге жуық әскери қызметшісі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC Arabic сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні БҰҰ-ның Ливандағы уақытша әскери күштері (UNIFIL) 90 сарбаздың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Мәлімдемеде коронавирусқа шалдыққан әскерлердің қай елдікі екені айтылмаған. Алайда олардың барлығы оқшауландырылған. БҰҰ-ның бітімгерлік күштері Ливанда осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына сәйкес 1978 жылдан бері қызметі етіп келеді. Олардың басты мақсаты Израйль-Ливан демаркациялық шекарасындағы жағдайға мониторинг жүргізу.

Миссия 6 ай сайын уақытша мандатын ұзартып отырады. UNIFIL күштері құрамында бүгінде 45 мемлекеттің 10 мыңнан астам сарбазы бар. Миссия құрамында қазақстандық әскерилер де қызмет етеді. Қазақстанның 120 сарбаздан құрылған KAZBAT бітімгерлік баталоьны Үндістанның бітімгерлік батальонының құрамында қызмет етеді.

Қазақстандық сарбаздар, жергілікті жағдайды бақылап, бақылау бекеттерінде тұрады. Атысты тоқтату шараларының орындалу барысы мен қарулы күштердің және әскери техниканың орналасқан жерін бақылайды.

Соңғы уақытта Ливанда COVID-19 вирусымен науқастанғандар санының өскені байқалды. Инфекцияның салдарынан 293 адам қайтыс болды. Елдің 24 мыңға жуық тұрғыны коронавируспен ауырады.


Арсен Өтешов

Жоғары қарай