Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Литвадағы жағдай: 9490 адам коронавирус жұқтырып, 12 адам көз жұмды

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Литвада өткен тәулікте 9490 адам коронавирус жұқтырып, 12 адам көз жұмды. Бұл туралы сәрсенбі күні Статистика департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Delfi агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл пандемия басталған кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Қайтыс болған 9 адам екпе алмаған немесе тек жартылай алған. Өткен тәулікте 510 адам вакцинаның тек бірінші дозасын, жалпы бір тәулікте 6459 адам салдырған.

Ауруханада осы ауруға шалдыққан 1139 адам жатыр, соның ішінде 93-і - жансақтау бөлімінде.

Жалпы Литвада пандемия басталған уақыттан бері 628 мың адам ауырып, 7800 адам көз жұмды.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай