Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Лас ауа жүкті әйелдердің түсік тастау қаупін арттырады – зерттеу

2019 жылдың 26 қазан 2019 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай ғалымдары Nature Sustainability журналында мақала жариялап, ауаның ластануы жүктіліктің алғашқы үш айында түсік тастау қаупін арттыратынын жазды, деп жазады Le Figaro.

«Бейжің университетінің ғалымдары 2009 – 2017 жылдар аралығындағы 255 мың жүкті әйелдің медициналық карталарын зерттеп шықты. Олар әйелдердің білім деңгейі, мамандығы, тұрғылықты жері секілді критерийлерді ескерді», деп жазады басылым.

Зерттеу барысында ғалымдар әр әйел тұратын жердің ауасының ластану деңгейін қарап шықты.

«Зерттеу барысында 17 477 әйелдің (6,8%) жүктіліктің алғашқы үш айында түсік тастағаны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, олардың барлығы ауа ластану көрсеткіші өте жоғары жерлерде тұрған немесе жұмыс істеген», деп жазады автор.

Оның айтуынша, ғалымдар жүкті әйелдерге ауа ластанбаған жерлерде көбірек болуға кеңес берген. Дегенмен, ДДҰ мәліметінше, Бейжің әлемдегі ең ауасы лас қалалардың қатарында 122-орында тұрғандықтан, бұл кеңеске құлақ асу қиын.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Экология,
Жоғары қарай