Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Лаостың солтүстігінде 7 адамды опырыла құлаған топырақ басып қалды

2021 жылдың 21 шілде 2021 16:30

СИАНГКХУАНГ. ҚазАқпарат – Лаостың солтүстік-шығысындағы Сиангкхуанг провинциясында алтын іздеушілер бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кенеттен топырақ опырыла құлап, жеті адамды басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Vientiane Times газетіне сілтеме жасап.

Лаостың Ақпарат, мәдениет және туризм министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға Пхукут ауданының Чой ауылында 10 метр тереңдікте жеті адам бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде орын алған.

Оның айтуынша, бұл өңірде бірнеше күн толассыз жаңбыр жауып, салдарынан топырақ жұмсарған.

Сиангкхуанг провинциясында іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай