Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Қызылордалық теннисші Еуропа кубогында жеңіске жетті

2019 жылдың 24 наурыз 2019 19:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында өткен теннистен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында қызылордалық Ерасыл Ерділда бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жарыста ол өзінің дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетті. Қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Ерасыл бұдан бұрынғы жылдарда да көптеген халықаралық жарыстарда бақ сынап келеді. Ол сайыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде қызылордалық теннисші - еліміздің құрама командасының мүшесі.

Ерасыл таяуда тағы бір халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Бұл бәсеке Малайзияда өтеді.

Жоғары қарай