Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылордалық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды

2020 жылдың 13 тамыз 2020 14:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж отбасыларға 100 азық-түлік қоржыны таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игілікті іс «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен республикалық «Жақсылық жаршысы» акциясы бойынша жүзеге асты. Аталған шараға Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер ерекше қолдау білдірді. Қамқорлық акциясы облыста жақында құрылған «Сыр волонтерлары» орталығының «Birgemiz: Qаmqor» бағытында жүргізілді. Сол арқылы қызылордалық кәсіпкерлер 100 отбасына азық-түлік қоржынын жасақтап, оны волонтерлар мен автоволонтерлар тұрмысы төмен жандарға таратып берді.




«Бұл ұсынысқа өңір кәсіпкерлері үлкен қолдау білдірді. Аз ғана уақыттың ішінде 1 млн. теңгеден астам қаржы жиналды. Оған әлеуметтік жағынан мұтаж 100 отбасыға азық-түлік таратылды. Аталған көмек кей отбасылар үлкен қолдау деп санаймыз», - деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар тізімін «Сыр волонтерлары» орталығының мамандары дайындады. Оған көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған немесе ата-анасының бірі мүмкіндігі шектеулі отбасылар, жалғызбасты қарттар, бірнеше баланы тәрбиелеп отыр жалғызбасты аналар бар енгізілген.




Сондай-ақ, «Жақсылық жаршысы» акциясы аясында шілде айында Қызылордаға 9 аппарат келген болатын. Олардың басым бөлігі Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылды. Сол ізгілікті іс тамыз айында да жалғасын тапты. Бұл жолы 54 оттегі концентраторы Байқоңыр қаласы мен барлық аудандағы ауруханаларға арналды. Атап айтқанда, Арал -10, Қазалы - 5, Байқоңыр - 8, Қармақшы - 2, Жалағаш - 6, Сырдария - 5, Шиелі - 5, Жаңақорған - 13 оттегі концентраторы аппаратына қол жеткізді.


Жоғары қарай