Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордадағы жол апатынан тағы екі адам көз жұмды

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 20:14

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы жол апаты салдарынан қайтыс болғандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, оқиға бүгін, 13 қаңтарда сағат 14.20 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» автожолының 69 шақырымында болды. Сол аумақта «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан.




Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Ал екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды. Қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Онда көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жағдайы көрсетілген», - деп хабарлады Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай