Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнеркәсіп өндірісінде өсім өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 5,3, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 13,6, өңдеу өнеркәсібі 12,6%-ға артты.

«Мұндай оң өзгерістер жеңіл өнеркәсіп, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді, тамақ өнімдерін өндіру, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату, жиһаз өндіру салаларында байқалды. Сондай-ақ, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарды жасау салаларында да көрініс берді. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,6%-ға артты. Ол 123,8 млрд. теңгені құрады», - деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

Ведомстов мәліметінше, жыл басынан бері өңір экономикасына 186,4 млрд. теңге инвестиция салынған. Аймақта 63,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып, 502,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 120 млрд. теңгеге жетті.

Еске салсақ, Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады.


Жоғары қарай