Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жоғалған үш қыз: Любовь пен Рано қалай табылды

2021 жылдың 28 наурыз 2021 14:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі күннен астам уақыт бойы хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуінің Алматы қаласынан табылуына байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бала өміріне бей-жай қарай алмайтын жанашыр азаматтар бар. Солардың арқасында бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері табылды. «Бейсенбі күні түнгі уақытта балалар жоғалды» деген хабарды естігеннен кейін азаматтық танытқандар аз емес. Ортақ іске сала мамандары, ерікті азаматтар жұмыла кірісіп, күні-түні қыздарды іздеу процесіне араласты. Осындай біріккен топтарды үйлестіруге атсалысқан Мая Жомарт пен Анар Ізден ханымдарға алғыс айтамын», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, бастамашыл топтағы ерікті азаматтар әлеуметтік желілер арқылы теміржол, аэропорт, елді мекендерге қатынайтын такси қызметкерлеріне балалар туралы ақпаратты таратып, жедел әрекет етті . Топ-топқа бөлінген азаматтар қаладағы қонақ үй, жалдамалы пәтерлер мен уақытша тұрақжайлардың барлығына барған.

«Ювеналды полиция қызметкерлері, қаладағы білім беру мекемелерінің мамандары, бастамашыл топ өкілдері, қоғамдық бірлестіктегі еріктілер мен такси жүргізушілеріне оперативті әрекет еткені үшін шынайы алғысымды білдіремін. Қаланың барлық көшелері мен халық көп шоғырланатын нысандарды 2000-ға жуық белсенді азамат күндіз-түні аралап шықты. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Любовь пен Рано Алматы қаласынан табылды. Ділда қызымызды іздеу жалғасуда. Аман-есен табылған тәрбиеленушілердің заңды өкілі Лиза Ысқақова балаларды алып келу бағытында Алматы қаласына жолға шықты», - деді Ақзира Қасымова.


Жоғары қарай