Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

2021 жылдың 27 тамыз 2021 23:10

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 27 тамызда сағат 19.00 шамасында Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентінің шет аймағында тіркелген. Сол аумақта жасөспірімдер арасында келіспеушілік туындап, олардың арасында жанжал болған.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бір топ жасөспірімнің арасында туындаған жанжал туралы бейнежазба анықталды. Тексеру барысында оқиғаның Қармақшы ауданында болғандығы нақтыланды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жасөспірімдерді таратты. Зардап шеккендер жоқ. Бұған байланысты аудандық полиция бөліміне ешқандай арыз-шағым түскен жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән -жайы анықталуда.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай