Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жанашыр жандар жалғызбасты анаға баспана алып берді

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 03:20

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жалғызбасты ана баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игілікті істі Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Хкимет» қайырымдылық қоры бірлесе отырып атқарды. Қызылорда қаласында тұратын Майра Мұхамедиярова бұдан бұрын тұрғын үй қиындығын көріп келді. Қолы ашық жомарт жандар жалғызбасты ананың көптен күткен арманына қолы жетуіне мүмкіндік туғызды. Ол бұған дейін қала шетіндегі «Сабалақ» саяжайында шағын үйде балаларымен тұрып келді. Онда қыс айында төбеден сыз өтіп, ешқандай жағдай жоқ болатын. Оған қоса Майраның анасы қатерлі дертке шалдығып, жағдайы нашарлай түскен-ді. Анасының күтіміне байланысты бірнеше жылдан бері жұмысқа да шыға алмай келді. Енді ол жергілікті сауда орындарының біріне жұмысқа тұратын болды.

«Сауда орны басшысымен келісіп қойдық. Жұмыс орны олардың үйіне жақын», - деді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова.

«Хкимет» қайырымдылық қорының құрылғанына бір жылдай уақыт өтті. Бүгінгі күнге дейін қор мүшелері тұрмысы төмен отбасыларға он баспананы табыс етті.


Жоғары қарай