Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді

2020 жылдың 22 мамыр 2020 11:24

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде жанашыр азаматтар көпбалалы ана Райкүл Балмахановаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игілікті іс «Хикмет» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асты. Қайырымдылық қорының өкілдері көпбалалы ананың Әдия есімді қызының ем алуына да қажетті қаржының сертификатын ұсынды.

Қуанышты бөлісуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Әбенұлы, қайырымдылық қордың басшысы Азамат Болатбек келді.




«Біздің қордың жұмыс бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан көптеген тұрмысы төмен отбасына қол ұшын соза алдық. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы мен еліміздің бірқатар өңірінде баспанаға мұқтаж отбасыларға тұрғын үй тарту еттік. Сондай-ақ, төрт кісіге шетелде емделуге қаржы бердік. Қашанда жабырқағанның жанынан табылып, сүрінгенге демеу болу – қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттің бірі емес пе?», - дейді қайырымдылық қордың төрағасы Азамат Болатбек.

Бұдан бұрын Қызылордада баспанасыз жалғызбасты анаға ауылдастары үй алып берген еді.

Сондай-ақ, Қызылордада волонтерлер мұқтаж отбасыларға үшінші баспана салып жатыр.


Жоғары қарай