Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада заңсыз букмекерлік ойынханалар әшкереленді

2020 жылдың 1 қазан 2020 05:31

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада заңсыз ашылған букмекерлік ойынханалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Аталған орындар Шиелі кентіндегі №11 және 12 үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Оған қоса Абылайхан көшесінен «Зенит» букмекерлік кеңсесінің ішінен заңсыз ойынхана анықталды.

«Аталған деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 444-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Онда құмар ойындарға қатысу, ойнау және рұқсат беру жағдайы көрсетілген. Аталған іс аудандық сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түскен болатын.
Жоғары қарай