Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азамат анықталды

2021 жылдың 23 қараша 2021 17:59

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында белгіленген карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін мониторингтік топ тарапынан жасалған рейдтік тексеріс негізінде 15 826 нысан қамтылды.

Топ мүшелері 802 карантин талабын бұзуды тіркеді. Бұл бойынша жалпы сомасы 52 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

«Оған қоса облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1150 азамат белгілі болды. Оның ішінде 741 адам «қызыл», 409 тұлға «сары» мәртебеге ие. Оқшаулау режимін бұзушы «қызыл» мәртебедегі азаматтарға қатысты 246 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бағытта 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Ал «сары» мәртебедегі 246 тұлғаға санитариялық-індетке қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы Қаулы ұсынылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 1590 тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды.



Жоғары қарай