Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада тұрғын үй өртенді

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 19:04

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға ауданға қарасты Сексеуіл кентінде болды. Елді мекендегі тұрғын үйдің 110 шаршы метрді құрайтын төбе жабыны өртке оранған.

«Қызыл жалынды жалынды сөндіруге «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен» 7 қызметкер 1 техникамен барды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен».





Жоғары қарай